Алматыда 7 тұрғын үй кешені жарықсыз қалды

Фото: тұрғындардан

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Kazinform редакциясына «Өжет» тұрғын үй кешендерінің тұрғындары шағымданды.

Алатау ауданында орналасқан «Өжет» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жарықсыз қалды.

— Бұл тұрғын үй кешенін 2022 жылы « Шебер» құрылыс компаниясы салған. Олар ЭнергоСбыт-қа 10 млн теңге қарыз болып қалған. Енді «Алатау Жарық компаниясы» АҚ ешқандай тексерусіз жарықты сөндіріп тастады. Мұнда 80 пәтерден жеті көпқабатты үй бар. Ай сайын тұтынған электр энергия үшін ақша төлеп отырмыз. Неге құрылыс салушының қарызын біз өтеуіміз керек, — дейді тұрғындардың бірі Индира Әділбекова.

«Алатау Жарық компаниясы» АҚ жағдайға қатысты түсінік берді.

— Аталған тұрғын үй кешеніне электр энергиясы қосылды, алайда «ЭнергоСбыт» алдындағы қарызы толық жабылмайынша өшіріліп тұрады, — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Бұған дейін «АЖК» — «ЭнергоСбыт» АҚ филиалы берешегі бар тұтынушыларға қатысты электрмен жабдықтауды шектеу шараларын кезең кезеңімен енгізуді бастайтын ескерткен болатын

Осыған дейін елде электр жарығының шекті тарифі өзгеруі мүмкін екені туралы жазған едік