Алматыда Абай атындағы республикалық мектеп-интернатының құрылысы қашан аяқталады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімі Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттың құрылыс барысын тексерді.

Фото: Алматы әкімдігі

Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатыр, межелі мерзімнен кешікпейді. Негізгі тірек болатын монолитті құрылым жеделдетілген қарқынмен құйылып, 10 мамырға дейін толық аяқталды.

Фото: Алматы әкімдігі

Жоба аясында 900 орынға арналған шығармашылық мектебі мен интернат, аумақты көркейту мен көгалдандыру, амфитеатрды қайта жаңғырту, инженерлік желілерді тарту және автоматты суару жүйесін орнату көзделген.

Фото: Алматы әкімдігі

— Құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңінде демеушілердің қаржысы есебінен заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді. Оған бассейн, күрес және бокс залдары, сондай-ақ дайындық сабақтарына арналған жаттығу залы кіреді. Аталған білім ордасының салынуы білім беру жүйесін дамытуға қосылған қомақты үлес болмақ, — деп хабарлады әкімдіктен.

Осыған дейін Алматы әкімі Bazis-A компаниясынан мектеп құрылысын тездетуді талап еткен болатын.

Фото: Алматы әкімдігі