Алматыда жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде Абай даңғылы бойында көлік қозғалысына шектеу қойылады
«Алматы жылу жүйесі» мекемесінен мәлім еткендей, 25 шілде түнгі сағат 22:00-ден 26 шілде таңғы сағат 08:00-ге дейін Абай даңғылы бойы Алтынсарин көшесінен «Сарыарқа» метро станциясына (Family саябағы) дейінгі аралық жабылады.
Шығыс бағытта көлік қозғалысы ашық болады.
Уақытша шектеулер мұндағы көлік жүретін жолдың астындағы магистральды жылу жүйелерін жоспарлы жөндеуге байланысты енгізіліп жатыр.
Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.
Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.