Алматы әкімдігінің мәліметінше, негізгі іс-шаралардың бірі – Almaty Summer Fest жобасы аясында өтетін «Абай әлемі» концерт-спектаклі. Ол 8 тамыз сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда өтеді. Қойылымнан кейін мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Бағдарламада Мақпал Жүнісова, Жанар Дуғалова, 6ellucci, KeshYou, Асхат Тарғын, IL Canto квартеті, Талғат Күзембаев, Ерлан Біләл, Нұрлыбек Нағметов, Серік Исахан, Нұрлан Бердібаев, Біржан Демеұлы, ISATAY өнер көрсетеді. Сондай-ақ «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері, «АЛАТАУ» ансамблі және Медеу ауданының шығармашылық ұжымдары сахнаға шығады.
10 тамыз сағат 08:30-да Абай алаңында қала әкімдігі өкілдерінің, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен ақын ескерткішіне гүл қою рәсімі өтеді.
Одан бөлек іс-шаралар тізімі:
8 тамыз
16:00, Наурызбай ауданының комьюнити орталығы (Шұғыла шағынауданы, 340Б) – «Абай өлеңдері» акустикалық кеші.
10 тамыз
10:00, №176 мектеп-гимназия кітапханасы – «Даналықтың дара жолы – Абай» мектеп оқушылары арасындағы мәнерлеп оқу байқауы.
11:00, №24 кітапхана (4-Айнабұлақ шағынауданы, 174) – «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» әдеби-музыкалық кеші.
11:00, №6 кітапхана (Татар көшесі, 32) – «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» әдеби-поэзиялық кеші.
11:00, №14 кітапхана (Римский-Корсаков көшесі, 3) – «Абай мұрасы – ұлттың рухани қазынасы» танымдық сағаты.
11:00, №29 кітапхана (Орбита-4 ш/а, 10) – «Ұлы дала үні – Абай» әдеби-музыкалық кеші.
11:00, Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана (Абай даңғылы, 141) – «Абай мұрасы және қазіргі жастар: рухани жаңғыру мен жаңа көзқарас» тақырыбындағы дөңгелек үстел.
11:00, Alatau Creative Hub орталығы (Нұркент шағынауданы, 5/11) – «Абай сөзі – ұрпаққа аманат» поэзия кеші.
12:00, Наурызбай ауданының комьюнити орталығы (Шұғыла шағынауданы, 340Б) – «Абай оқулары» әдеби кеші.
14:00, №1 кітапхана (Л. Толстой көшесі, 36) – «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе…» әдеби подиумы.
14:00, №32 кітапхана (Достық даңғылы, 42Б) – «Абай» күні. «Абайды оқы, таны, үлгі ал!» портреттік кеші.
14:00, Алматы кітапханаларының филиалы (Розыбакиев көшесі, 247/7) – «Хәкім Абай – ұлт руханиятының темірқазығы» әдеби-музыкалық кеші.
16:00, Есентай өзенінің жағалауы – «Жағалаудағы Абай» инсталляциялық жобасының таныстырылымы. Жоба қала тұрғындары мен қонақтарын ұлы ақынның шығармашылығы және рухани мұрасымен таныстыруға бағытталған.
Сонымен қатар 10 тамызда №6 Оқушылар үйінің аумағында ұлы қазақ ақыны, ағартушысы әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған арт-галерея ұйымдастырылады.
Еске салайық, 150 жас суретші Абай мұрасын қылқаламмен дәріптеді.