Алматыда Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесі уақытша жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Фото: Александр Павский/Kazinform
24 қазан сағат 08:00–ден 26 қазан сағат 20:00–ге дейін Абылай хан даңғылының Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі бөлігінде жол жабылады.
Фото: Алматы әкімдігі
Сонымен қатар 24–29 қазан аралығында сағат 22:00–ден 10:00–ге дейін Момышұлы көшесінің Мөңке би көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан бөліктерінде және Рысқұлов даңғылымен қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.
Фото: Алматы әкімдігі
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады. Алматы әкімдігі тұрғындардан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Еске салсақ, Алматыда үш автобустың бағыты өзгеретіні хабарланды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Әлеуметтік ғылымдар магистрі. «Дебат — интеллектуалды пікірсайыс алаңы» кітабының авторы. 2020 жылы Balbal сайтында журналист, 2022 жылы
«Азамат» теледебаты жобасында шеф-редактор қызметін атқарды. 2022-2026 жылдары Stan.kz сайтында журналист болып жұмыс істеді. 2026 жылғы қыркүйектен бастап Kazinform агенттігінің Алматыдағы тілшісі.