Жол апатына себепкер болған жеңіл көлік жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, рөлде әйел адам болған.
«Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау тұрғысында сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда», - делінген хабарламадан.
Еске салайық, Алматыда 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты.
Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы автобустың ішінде болған жолаушылардың 25-і зардап шеккенін мәлімдеді.
Кейін қоғамдық көлік камерасы түсірген бейнежазба желіде тарады.