ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес АПВ-ға қарсы вакцинация 11 жастағы қыздарға, сондай-ақ имунитеті кеш дамып келе жатқан 12-13 жастағы қыздарға жасалады.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының вакцина қоймасында 16 900 доза мөлшерінде «Гардасил» вакцинасы бар.
— Алматы қаласында АПВ-ға қарсы вакцинация осы жылдың 30 қыркүйегінен басталады. Вакцинацияны қала мектептерінің медициналық кабинеттерінде егулерді жүргізуге рұқсаты бар көшпелі егу бригадаларының дайындалған медицина қызметкерлері жүргізеді. Вакцинациялауға дайындық аясында 11, 12, 13 жасар қыздардың ата-аналарымен АПВ-ға қарсы вакцинацияның маңызы мен қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.
Сондай-ақ № 4 қалалық клиникалық аурухана базасында адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация мәселелері бойынша конференция өткізілді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда тұмауға қарсы 200 мың ресейлік вакцина сатып алынғанын жазғанбыз.