Алматыда ағаштарға заманауи технологияның көмегімен диагноз қойылады

Алматы шіріген және қураған ағаштарды анықтау үшін резистографтар мен импульстік томографтарды сатып алған Қазақстандағы алғашқы қала болды, деп жазды Kazinform.

Фото: Алматы әкімдігі

Эколог Болат Әмірғалиев атап өткендей, неміс жабдықтары тамыр жүйесінде және ағаштың басқа бөліктерінде импульстардың көмегімен шіріктің бар-жоғын көруге мүмкіндік береді. Бұл жасыл кеңістіктің зақымдануы туралы жедел қорытынды алуға және қала үшін қауіпті азайтуға көмектеседі. Алматыда осы мақсат үшін барлығы 8 резистограф және 2 импульсті томограф сатып алынды.

«Бүгін біз оларды Баум тоғайы мен басқа да қала саябақтарын зерттеу үшін пайдалануды жоспарлап отырмыз. Құрылғы сол жерде апатты және кәрі ағаштарды анықтауға көмектеседі», - деді эколог Болат Әмірғалиев.

Биыл қала тұрғындары мен олардың мүлкінің қауіпсіздігі үшін шіріген өзегі мен тамыр жүйесі салдарынан 17 мыңға жуық ағаш кесілді. Ықтимал қауіпті ағаштарды анықтау процесінде ғылыми институттардың ғалымдары мұқият талдау жүргізеді.

Фото: Алматы әкімдігі