Әкімдіктің мәліметінше, ақылы коммуналдық тұрақтарда бос орындар мен басқа да қажетті ақпараттар санын көрсететін стационарлық камералар (фото, бейне тіркеу және тұрақ уақытын есепке алу) және электрондық құрылғыларды орнату қарастырылады.
Алматыда бүгінгі күні көліктердің алаңдық тұрақтарға кіріп-шығуы шлагбаум жүйесімен бақыланады.
«Алаңдық типтегі автотұрақтардағы коммуналдық кәсіпорын кедергісіз жүйені ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Мұндай жүйе өткізу қабілетін арттыруға қызмет етеді, кіру және шығу кезегін болдырмайды, автокөліктердің тұрақ аумағына кіру уақытын қысқартады, сондай-ақ жүйе автокөліктерді автоматты режимде тіркеуге мүмкіндік береді және төлемеген жағдайда айыппұл салады. Ол сонымен қатар индикация мен бос орындарды автоматты түрде санауға жол ашады», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұстауға және ыңғайлылыққа жұмсалатын шығыстар бойынша бюджетті үнемдеу мақсатында төлем жасау үшін электрондық терминал да алынып тасталады. Енді QR код арқылы тез төлеуге болады және ол күнделікті өмірде қолдануға ыңғайлы болуы үшін мобильді құрылғымен біріктірілген.
«Автотұрақтарды ұйымдастыру қағидаларында көк түсті жол таңбасын қолдану жоспарланып отыр. Әлемдік тәжірибеде көк түсті жол таңбасы ақылы автотұрақтардың шекараларын белгілеу үшін кеңінен қолданылады. Тығыз трафик болған кезде жол белгісі байқалмай қалуы мүмкін, ал көк түсті жол таңбасы сөзсіз өзіне назар аударатын болады», - делінеді хабарламада.
Қаулының бұл жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарға сай. Барлық мүдделі азамат жобаны талқылауға 20.12.2023 жылға дейін мына сілтеме бойынша қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14828548