— Осы келісімге Нью-Йоркте былтыр 27 қыркүйекте қол қойылды. Құжаттың мақсаты — Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу және пайдалану үшін 49 жыл мерзімге ауданы 70 мың шаршы метрден асатын жер учаскесін жалға беру. Келісімде жер телімін беру тәртібі мен шарттары айқындалған. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті аталған заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, — деді Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан.
Еске салсақ, жақында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм еліміздегі мансабын аяқтап, зейнетке шықты.