Атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде «Алматы «ӘКК» АҚ 4 500 тонна көлемінде түйіршіктелген қант және 1 000 тонна көлемінде ұнтақталған күріш сияқты отандық азық-түлік тауарларын сатып алу бойынша форвардтық келісімшарттар жасасты. Азық-түлік жеткізушілердің қоймаларында орналасқан және қаланың ірі сауда нысандары арқылы сатылады.
«Түйіршіктелген қанттың сату бағасы келісіне 380 теңге, ұнтақталған күріштің бағысы келісіне 420 теңге. Сауда объектілеріндегі сөрелерде сату бағасына 10%-дан аспайтын үстемеақыны қосылады», - деп хабарлады әкімдіктен.
Әлеуметтік маңызы бар өзге азық-түліктің тұрақтандыру қорындағы көлемі мен бағалары:
1. Пияз - 1960 тонна, сөрелерде келісі - 108 теңге.
2. Картоп - 4800 тонна, сөрелерде келісі - 169 теңге.
3. Қырыққабат - 1120 тонна, сөрелерде келісі - 126 теңге.
4. Сәбіз - 1840 тонна, сөрелерде келісі - 176 теңге.
5. Қарақұмық жармасы - 219,8 тонна, сөрелерде келісі - 242 теңге.
6. Рожки - 388,4 тонна, сөрелерде келісі - 299 теңге.
7. Күнбағыс майы - 533,2 тонна, сөрелерде келісі - 529 теңге.
8. Айран - 80,3 тонна, сөрелерде келісі - 439 теңге.
9. Сары майы - 3,2 тонна, сөрелерде келісі - 2860 теңге.
10. Сүт - 164,6 тонна, сөрелерде келісі - 389 теңге.
11. Сүзбе - 8,8 тонна, сөрелерде келісі - 451 теңге.
12. Ұн - 62,2 тонна, сөрелерде келісі - 295 теңге.
13. Сиыр еті - 6 тонна, сөрелерде келісі - 2669 теңге.
14. Нан - 442,2 тонна, сөрелерде келісі - 80 теңге.
15. Тұз - 222 тонна, сөрелерде келісі - 74 теңге.
16. Тауық еті - 143,1 тонна, сөрелерде келісі - 1259 теңге (жамбас) / 1459 теңге (аяқтары).
17. Күріш - 271,5 тонна, сөрелерде келісі - 489 теңге.
18. Жұмыртқа - 84600 дана, бір данасы 56 теңге.
Алматыда мерзімі өтіп кеткен азық-түлік төмен бағада саудаланып жатқанын жазған болатынбыз.