Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бірінші жағдайда автоблогер Азамат Каримов көлік жарысына қатысты бейнежазбада бейәдеп сөздер қолданған. Оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Блогер сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Екінші жағдайда Гүлназ Қыпшақбай есімді желі пайдаланушысы әлеуметтік желідегі парақшасында бейнеролик жариялап, онда балағат сөздер айтқан. Бойжеткенге де әкімшілік хаттама толтырылып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Полиция әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу деректері назардан тыс қалмайтынын ескертті.
Еске салайық, TikTok-та балағат сөз айтқан қызылордалық көше сыпырып жүр.