Медеу ауданы прокуратурасының мәліметінше, жүргізілген ревизия нәтижесінде 54 борышкердің түрлі жылжымалы және жылжымайтын мүлкі бар екені анықталған. Қазіргі уақытта оларға тиесілі 85 көлікті тәркілеу туралы жеке сот орындаушыларға бағдар берілді.
— Қабылданған шаралардың нәтижесінде 20 млн теңгеден астам алимент қарызы өндірілді. Сонымен қатар 5 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 1 алимент төлемеушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады құқық қорғау органы.
Еске салайық, ТМД кеңістігінде алимент бойынша сот бұйрықтарын тану тетігі енгізіледі.
Сондай-ақ алимент төлеуден қашып жүрген такси жүргізушілері жаңа тәсілмен анықталатынын жазғанбыз.