Алматыда Алтынсарин даңғылы ішінара жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласындағы ірі даңғылдың бірі - Ы. Алтынсарин бір күнге ішінара жабылады.

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

«Жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты 29 шілде сағат 13:00-ден 30 шілдеде сағат 08:00-ге дейін Алтынсарин даңғылы бойынша №6 қалалық емханадан Абай даңғылына дейін оңтүстік бағытта жабылады»,- «Алматы жылу желілері» ЖШС

Қозғалыс солтүстік бағытта ашық болады. 

«Келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұраймыз. Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береміз», - деп хабарлады компаниядан.