Алматыда Амантай қажыға іс қозғалды
13:22, 16 Шілде 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы полициясы Амантай қажы Асылбекке қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Әлеуметтік желіде елге танымал азаматтың әйел адамды баспалдақтан итеріп жібергені көрсетілген бейнежазба тарады.
Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
- Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында, - деп мәлімдеді департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда туысын көшеде пышақтап өлтірген ер адам ұсталғанын жазғанбыз.