Оның айтуынша, қазіргі уақытта әр ағашты кесу үшін оған толықтай зерттеу жүргізіледі. Сондықтан қураған ағаштарды кесу жұмысының уақыты ұзарған.
— Ағаштарды кесу жұмысы әрдайым дау тудырады. Біреу оны қолдайды, басқа адам қарсы болады. Қазір біз әр ағашқа егжей-тегжейлі зерттеу жүргіземіз. Өйткені «сау ағаштар кесілді» деп бізді кінәлайтындар көп болды. Біз ережелерде бұл сұрақтардың бәрін бекіттік. Енді жер кішкене кепсе, өткен жылы түскен өтініштер бойынша жұмыстарды бастаймыз, — деді әкім.
Еске салайық, биыл Алматыға 320 мың ағаш отырғызылатынын жазғанбыз.