Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұрындары жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында «Арыстан» базарының бір бөлігі еш рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталған. Сондықтан «Фирма Тигрохауд» ЖШС меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
— Анықталған жайттарға байланысты басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған базар алаңдарын бұзу туралы талап арыз жолдаған еді. 2024 жылғы 1 наурызда сот ауданы базардың 2125,62 шаршы метр болатын бір бөлігін бұзу туралы шешім шығарды. 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қалалық соты бірінші шешімді өзгеріссіз қалдырды, — деп хабарлады әкімдіктен.
Қазіргі уақытта әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстарын бастады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда көп жыл бойы құрылысы бітпеген нысандар қашан бұзылатынын жазғанбыз.