Сот мәліметінше, ер адам психотроптық затты өткізу мақсатында емес, заңсыз сатып алып, сақтағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша қаралған.
Тергеу барысында сотталушының үйінде тінту жүргізілген. Нәтижесінде меткатинонның аналогы саналатын 3-CMC психотроптық заты табылған. Оның жалпы салмағы 2,44 грамм болған. Сот бұл мөл шердің аса ірі мөлшерге жататынын анықтады.
Сонымен қатар медициналық сараптама кезінде В.-ның каннаби ноидтарды қолданғаны анықталған.
Сот материалдарына сәйкес, ол бұған дейін де каннабиноидтарды медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарт ылған. Сол кезде оған 10 тәулік әкімшілік қамақ тағайындалған.
Сотталушының кінәсі тінту хаттамасы, куәлардың жауаптары, сараптама қорытындылары, заттай дәлелдер және іс бойынша жиналған басқа да материалдар арқылы дәлелденген.
Қ ылмыстық кодекстің аталған бабы бойынша мұндай әрекет үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сот В.-ны кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Алайда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты қабылданған «Рақымшылық жасау туралы» заң негізінде оның жазасы үштен бірге қысқартылды. Нәтижесінде сотталушы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Шу қаласында ауласына есірткі жасырған тұрғын ұсталғанын жаздық.