Алматыда қыста иппотерапия аттары бағылатын орын сайланды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімдігі атпен жүру және иппотерапияға пайдаланылатын жылқыларды жылы қыстық тұрақтарға орналастыруды қамтамасыз етті. 

Фото: Алматы әкімдігі

Тиісті өтініштер түскеннен кейін қала әкімшілігі сәйгүліктерді орналастыру мәселесін жедел түрде шешті. Аттар жылы орындарға көшіріліп, қажетті жағдай жасалып, тұрақты бақылауға алынды.

Фото: Алматы әкімдігі

Сондай-ақ қала әкімдігі спорттық және оңалту бағдарламаларына қатысатын жануарларды күтіп-бағу жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын жеткізді.

Фото: Алматы әкімдігі

Иппотерапия өкілдері көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.

Фото: Алматы әкімдігі

— Қала әкімдігінің жедел көмегінің арқасында аттарымыз қауіпсіз жерге орналастырылды. Ары қарай да балалар мен емделушілерге арналған сабақтарымызды жалғастыра аламыз, — деді иппотерапия маманы Елена Сосновская.