Алматыда аттракцион тоқтап, демалушылар одан түсе алмай қалған
14:22, 14 Сәуір 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Fantasy World Park-те атракциондардың бірі тоқтап қалды.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Ондағы мәліметке сәйкес, адамдар біраз уақыт әуеде қалқып тұрған.
Fantasy World Park байланыс қызметі Top Skan аттракционы кеше сағат 15:08–де тоқтап қалғанын мәлімдеді.
— Атракцион қауіпсіздік датчигінің іске қосылуына байланысты тоқтады. Сағат 15:16–да адамдар эвакуцияланды. Зардап шеккендер жоқ. Демалушылар тарапынан шағым түспеді. Жағдай толығымен саябақ инженерлерінің бақылауында болды, — делінген парктің ресми жауабында.
Еске салайық, былтыр Алматыда саябақтағы аттракционнан құлаған қыз мерт болғанын жазғанбыз.