Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров жоғарыда аталған экологиялық мәселелерді шешу бойынша істеліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
«Автокөліктердің шығарындыларының әсерін азайту үшін 19 экопост, 3 жылжымалы бекет пен зертхана жұмыс істейді. Олар 185 мың автокөліктің өлшеуін орындады. Сондай-ақ биыл бензин, газ, дизельдік отынмен жүретін автокөліктерге «Шымбұлақ» тау курортына кіруге тыйым салынды. Шығарындылардың шекті рұқсат етілген нормаларының жиынтық көлемін әзірлеу аяқталуда», - деді спикер.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары биыл ҚР заңнамасына бірқатар түзетулер енгізілгенін атап өтті.
«Олар: мәслихатқа атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын бекітуге құзырет беру, автокөліктерді техникалық байқау мәселелерін мемлекеттік реттеуді күшейту, себептері жойылғанға дейін пайдаланылған газдардағы зиянды заттардың мөлшері жоғары автокөліктерді пайдалануға тыйым салу. Заңнамалық түзетулер ауаның ластану көздерін басқаруды жақсартуға бағытталған», - деп атап өтті Әлішер Әбдіқадыров.