Алматыда әуе рейстері ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатыр

Фото: Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы

АСТАНА. KAZINFORM — Air Astana бүгін Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің ротациялық кідірісі, сондай-ақ кестедегі өзгерістер жалғасып жатқаны туралы хабарлады.

Бұған дейін әуе компаниясы Airbus A320neo тобындағы ұшақтарда орындалатын рейстердің 3-4 қаңтарға қараған түні ұшып шығуға шектеу қойылғандықтан кешіктірілгендігі туралы хабарлаған еді. 

— Әуе компаниясы кестені қалпына келтіру үшін барлық шараны қабылдап жатыр, соның ішінде FlyArystan әуе компаниясының резервтік ұшағын іске қосады. Әуежайға барар алдында әуе компанияның сайтында рейсіңіздің мәртебесін тексерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Жолаушылар рейстер кешіккен жағдайда жедел желіге хабарласа алады:

Жедел желі: +7 7272 44 44 78

WhatsApp: +7 702 702 00 74 

Online chat: airastana.com

Бұдан бұрын «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлағанын жазған едік.