Алматыда автобус егде жастағы әйелді қағып кетті
19:15, 17 Қазан 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жол-көлік оқиғасы Алматының Медеу ауданында болды.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, бүгін, 17 қазанда сағат 09:45 шамасында автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Зенков көшесімен қиылысында жаяу жүргіншіні – 1950 жылы туған әйелді қағып кеткен.
Жол апатынан әйел түрлі дене жарақатын алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
– Апаттың барлық мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жедел жәрдем көлігі жасөспірімді қағып кеткенін жазғанбыз.