Алматыда автобус қағып кеткен әйел көз жұмды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда қоғамдық көлік әйелді қағып кетті.

Видеодан алынған кадр

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 12 тамыз сағат 12:20 шамасында Бостандық ауданында болған.

Алған жарақаттарына байланысты әйел оқиға орнында қайтыс болды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша полицияның Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Алматыда жолдағы жанжал кезінде жүргізушіні ұрған күдікті ұсталды.