Алматыда автобус жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті

Коллаж: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жол-көлік оқиғасынан бір адам мерт болды.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 10:00 шамасында Жетісу ауданында болған. Автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен келе жатып, Жұмабаев көшесінің қиылысында жолдан өтпек болған әйелді басып кеткен. 

– Алған жарақаттардан 1957 жылғы әйел оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады полициядан.

Еске сала кетейік, өткен айда Алматыда 4 көлік пен автобус соқтығысып, 23 адам зардап шекті.