Ведомствоның мәліметінше, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде нысан иесі құрылысты өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдаған. Жұмыстар белгіленген тәртіпке сәйкес толық көлемде орындалды.
– Құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу барысында белгіленген талаптарды қатаң сақтауды, сондай-ақ тиісті құжаттарды уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын еске саламыз, - деп хабарлады Қала құрылысын бақылау басқармасы.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Ниязбеков көшесі, 30/1 мекенжайында орналасқан ғимарат сот шешімімен бұзылды.