Алматыда аялдамада тұрған адамдарды көлік қағып кетті
17:47, 03 Желтоқсан 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жеңіл көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 3 қараша күні сағат 14:00-де Әуезов ауданында болған. BMW маркалы көлік жүргізушісі Абай даңғылы бойымен келе жатып, Алтынсарин көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай қалған.
– Ол жол жиектасын басып өтіп, аялдама кешенінде тұрған екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Олар дене жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады департаменттен.
Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Әуезов ауданының полиция басқармасы анықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Көлсай маңында туристер мінген көлік аударылып, бір адам қайтыс болды.