Алматыда аялдаманы сындырған 32 жастағы күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 3 маусым күні желіде белгісіз ер адамның Алматыдағы аялдамаға тас лақтырып, әйнегін сындырған бейнежазбасы тараған болатын.

Қалалық полиция департаменті Бостандық ауданында бұзақылық жасаған 32 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады.

– Ол аялдамалардың бірінің терезесін сындырған. Құқық бұзушының жеке басы бірден анықталды. Күдікті ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Сондай-ақ Алматы қаласының полициясы азаматтарды заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы автобус апатына күдікті деп танылған жеңіл көлік жүргізушісі 2 ай үйқамақта болатынын жазғанбыз