Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап кетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Алмалы ауданында қайғылы жағдай болды. Полиция 40 жастағы әйелдің қаза болу мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: Алматы әкімдігі

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел өзі тұрып жатқан көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған.

Жедел-тергеу тобы пәтерді тексеру барысында тергеу үшін маңызы бар материалдар мен мән-жайларды, оның ішінде мазмұны зерделенетін жазбаны анықтады.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері болған оқиғаның толық мән-жайын анықтап, ықтимал себептерін, марқұмның өмір салтын, қарым-қатынас ортасын және қайғылы жағдайға дейін болған өзге де мән-жайларды зерделеп жатыр.

Тексеру қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады. 

Айта кетелік Алматыда 21 жастағы жігіт көпқабатты үйдің балконынан құлап қаза тапқан еді