Алматыда азаматтарды сенбі күні қабылдайтын кезекші ХҚКО-лар ауысты

Фото: Азаматтарға арналған үкімет

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы филиалы маусым айынан бастап қаладағы үш кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет алушыларды қабылдайтынын хабарлады.

1 маусымнан бастап кезекшілік кесте бойынша Жандосов көшесі, 51 мекенжайында орналасқан Әуезов ауданының бөлімі, Шұғыла шағын ауданы, 347/1 мекенжайында орналасқан Наурызбай ауданының бөлімі және Рихард Зорге көшесі, 9 мекенжайындағы Түрксіб ауданының бөлімі азаматтарды қабылдайды.

Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00–дан 20:00–ге дейін, сенбі күні сағат 9:00–дан 13:00–ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ Саялы шағын ауданы, Аққайнар көшесі, 1 және Кемел шағы науданы, Ақсуат көшесі, 118 мекенжайы бойынша орналасқан екі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында қабылдау жүргізіледі. 

Еске салайық, Мамандандырылған ХҚКО-да биометриялық сәйкестендіру енгізілді.