Алматы қаласының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көліктегі жолаушы зардап шеккенін хабарлады.
- Жол-көлік оқиғасы кеше таңертең Алматының Түрксіб ауданында болған. Жұмабаев пен Кассина көшелерінің қиылысында бағдаршамның тыйым салынатын белгісіне шыққан қоғамдық көлік пен «Мицубиси» маркалы жол талғамайтын көлік соқтығысты. Соқтығыс салдарынан жол талғамайтын көліктегі жолаушы зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды. Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті, - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, 15 тамыз күні Алматыда тролейбус аялдамаға соғылып, бір адам зардап шекті.
Сондай-ақ бұған дейін Алматыда автобус апаты неге жиілегенін жазғанбыз.