«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы жаңа туған нәрестелерге қойылатын ең танымал есімдерді ұсынды.
Қыздарға қойылатын есімдердің үштігі:
- Сафия;
- Мариям;
- Адия.
Ал ұлдарға ең көп қойылатын есімдер:
- Мұхаммед;
- Алан;
- Әмір.
Одан бөлек, жаңа туған нәрестелердің арасында Әлихан, Әмір, Айсұлтан, Хамза, Айлин, Асылым, Медина, Аяла сынды есімдер жиі қойылады.
Сондай-ақ Алматы қаласында дүниеге келген балалардың ішінде Теона, Наоми, Айви, Эллая, Ай-Ашин сынды ерекше есімдер де бар.
Алматы қаласы АХАТ басқармасының басшысы Баян Абдулланованың айтуынша, жыл басынан бері қалада 16 501 бала дүниеге келген. Оның 8500-і ұл бала және 7974-і қыз бала.
Еске салайық, былтыр сәбилерге қойылған ең танымал есімдер қандай екенін жазғанбыз.