Шамамен сағат 17:00-дерде «102» пультіне Алматының Түрксіб ауданынан хабарлама түскен.
Ер адам қалалық «Маяк» көлінде балық аулап отырған. Қармағын суға лақтырған кезде ілмектің ауыр затқа ілінгенін сезген. Жіпті тартып қалғанда, судан сөмке шыққан. Сөмкенің ішінен оқ-дәрілер табылған.
Оқиға орнына Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы дереу жетіп, оқ-дәрілерді тәркіледі.
Қазір олардың қайдан пайда болғаны мен кімге тиесілі екенін анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, Алматы облысында жоғалған үш балықшы аман-есен табылғанын хабарладық.