Алматыда барахолка базары өртеніп жатыр

Фото: Фото: ТЖМ

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда барахолка базарындағы қоймадан өрт шықты. 

17 ақпан сағат 10:40-та Алматы қаласы ТЖД күш-құралдары Жетісу ауданы Көкмайса, 27 мекенжайына аттанған.   

Алдын ала мәлімет бойынша, қойманың төбесі жанған.

Фото: ТЖМ

Жақын орналасқан әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт оқпандары қойылды. 

Жедел штаб құрылды, өрт екі учаскеде сөндіріліп жатыр. 

Фото: ТЖМ

Жеке автотехника кедергі жасады, өзара іс-қимыл қызметтері нысанды токтан ажырату үстінде. 

 

«Оқиға орнында жеке құрам қауіпсіздік техникасын сақтай отырып сөндіріп жатыр. Өйткені қоймада жарылғыш заттар бар. Жұмысты сол қиындатып тұр. Қала бойынша жағдай бейнебақылау арқылы ТЖД бақылауында» деп хабарлады ведомстводан. 

Фото: ТЖМ

Өртті сөндіруге 92 маман мен 25 техника жұмылдырылған.