Алматыда бастапқы бағасы арзандаған «Байсат» базары қайтадан сатылымға шығарылды

Фото: sauda.e-qazyna.kz

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда «Байсат» базары екінші рет сатылымға шығарылды. 

Бұл туралы Қайтарылған активтерді басқару компаниясы хабарлады. Көтерме-бөлшек сауда орталығының үлесін сату бойынша қайталама аукцион sauda.e-qazyna.kz электрондық платформасында орналастырылды

Аукцион 2025 жылдың 26 желтоқсанында сағат 11:00–де өтеді. Сауда-саттықтың бастапқы бағасы 26 706 317 643 теңге.

Бұған дейін Е-Qazyna порталында «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығы ашық электрондық саудаға қойылған еді. Алғашқы хабарландыруда базардың бастапқы бағасы 28,6 млрд теңге болды.

Алайда биыл 18 қараша күні сату нысаны бойынша тіркелген қатысушылар жоқ болғандықтан, аукцион тоқтады.

Еске салайық, 2024 жылдың қаңтарында Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базарының бір бөлігі мемлекетке қайтарылғанын жазғанбыз.