— Бауыржан Момышұлы көшесінің (оңтүстік бағытта) Мөңке көшесінен (Бигвилль Arena City ТК) Almaty Arena-ға дейінгі учаскеде бір автобус жолағы және жеңіл автомобильдерге арналған бір жолақ жабылады. Осы бағыттағы қалған жолақ штаттық режимде жұмыс істейтін болады, — деп хабарлады Спорт басқармасынан.
Сондай-ақ Almaty Arena аумағындағы айналма көше толық жабылады. Бұл учаскеде 5 және 10 км қашықтықта қауіпсіз жүгіру маршруты ұйымдастырылады.
— Қашықтықтағы қауіпсіздікті жол полициясының қызметкерлері мен еріктілер қамтамасыз етеді. Тұрғындар мен автокөлік иелерінен уақыт шектеулерін ескере отырып, маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Бұқар Жырау көшесінің бір бөлігі маусым айына дейін жабылғаны туралы жазғанбыз.