Алматыда Бәйсейітова көшесі уақытша жабылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Бостандық ауданында Бәйсейітова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелді.

Фото: Александр Павский/Kazinform

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, 3 қазан сағат 09:00–ден 5 қазан сағат 20:00–ге дейін Бәйсейітова көшесінің Абай даңғылынан № 45 үйге дейінгі бөлігінде көлік жүрмейді.

Уақытша шектеу жылу желісінің магистральдық учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Фото: Алматы әкімдігі

Жұмыс жылыту кезеңінде штаттан тыс жағдайдың туындау қаупін барынша азайту мақсатында жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Алматыда Көктөбе саябағы уақытша жабылатыны айтылды.