Жұбанов көшесінің бойында гүлдеген көктем гүлін қазақстандық фотограф Михаил Сорокумов суретке түсіріп алды.
Бәйшешектің бүр жарғаны қыстың ызғары бітіп, көктемнің келгенін білдіреді. Нәзік болып көрінгенімен бойындағы қар-мұзды, тасты жарып, суыққа шыдайтын табиғи қайсар, шыдамдылық қасиеті бар.
Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік түрлерін жойғандарға айыппұл салынады. Тіпті 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бұған дейін синоптиктер Алматыда ауа температурасы түнде -3...-5 градусқа дейін төмендейтін туралы ескерткен болатын. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимдегі жұмысқа ауыстырылды және жол жұмысшыларының тәулік бойы кезекшіліктері ұйымдастырылды.