Алматыда бейнекамера көмегімен 2 мыңнан астам қылмыс ашылған

Алматыда бүгінгі күні 139 мыңға жуық бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Олар көпқабатты үйлердің аулаларында, қоғамдық орындарда және басқа да нысандарда орнатылған, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері қалада бейнебақылау жүйесінің көмегімен 2 718 қылмыс ашылып, 1 597 191 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Сондай-ақ Алматыда бүгінгі күні барлығы 138 875 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр:

- оның ішінде оның 5 752 бейнекамера «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша көпқабатты үйлерге;

- қала жолдарында 9 657;

- білім беру нысандарында 19 078;

- денсаулық сақтау нысандарында 3 071;

- спорт нысандарында 1 932;

- қоғамдық орындарда 1 746;

- әртүрлі меншік нысанындағы объектілерде 91 744;

- Метрополитен мен қоғамдық көліктерде 1 337 бейнекамера орнатылған.