Алматыда Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойы атап өтілді

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — Алматыда Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фото: Алматы әкімдігі

Республика Сарайында опера және кино өнерінің тірі аңызы, халық артисі әрі ұстаз Бибігүл Төлегенованың мерейтойына арналған концерт өтті.

Фото: Алматы әкімдігі

Биыл 95 жасқа толған әйгілі өнерпаз 75 жылын сахнаға арнап, Қазақстанның рухани өнерінің символына айналды.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, бұған дейін, 16 желтоқсан — аңызға айналған опера әншісінің туған күнінде, Алматы әкімі Ерболат Досаев Бибігүл Төлегенованы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Сонымен қатар, әнші Димаш Құдайберген де Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтағандар қатарында болды.

Мерейтой алдында Kazinform тілшісі әншінің өзімен сұхбаттасқан болатын. Сұхбат барысында Бибігүл Төлегенова Димаштың жасы одан кіші болғанымен жолы үлкен екенін айтқан еді.

Бұдан бөлек, Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті.