Филиал директорының айтуынша, міндетті медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық қызмет көрсету аясы өте кең және ол барлық сақтандырылған азаматқа қолжетімді.
«Жыл басынан бері құны 551,8 млн теңгеден асатын 83 трансплантация жасалды. Мұндай бір ғана отаның өзі орта есеппен алғанда 7-9 млн теңге тұрады. Осы қызметтердің бәрін сақтандырылған азаматтар МӘМС арқылы қиындықсыз пайдаланып келеді», - дейді Ілияс Мұхамеджан.
Осыған дейін Алматыда қайтыс болған 53 жастағы әйелдің төрт адамға донор болғаны туралы жазған едік. Оның жүрегі 23 жастағы жас жігіттің өмірі сақтап қалды.
Қазір Қазақстанда 4 000-нан астам науқас ағза ауыстыруға мұқтаж. Оның ішінде бүйрекке 3 661 ересек, 85 бала, бауырға – 180 ересек, 10 бала, өкпеге – 20 ересек, жүрекке – 136 ересек, 5 бала және жүрек-өкпе кешеніне 4 ересек пен 2 бала мұқтаж.