Қаражаттың бір бөлігі білім беру объектілерін сейсмикалық күшейту және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды аяқтауға бағытталады.
Атап айтқанда, Си Синхай көшесіндегі балабақшаны сейсмикалық күшейту және Бостандық ауданының Орбита-3 шағын ауданындағы балабақшаны жаңарту жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Осы нысандардың құрылысын аяқтау үшін 2025 жылдың шілдесіне қосымша 1 млрд теңге бөлінеді.
«Сондай-ақ құрылыс және реконструкциялау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуге қаражат бөлу жоспарда тұр. Алатау және Наурызбай аудандарындағы 3 балабақша; Алатау, Бостандық, Медеу және Түрксіб аудандарындағы 5 мектеп; Алатау ауданының Саялы шағын ауданында 1 даму және шығармашылық орталығы бар. Сондай-ақ 26 мектепті пәндік стендтермен және парталармен жарақтандыру көзделген. Осылайша, қосымша қаражат оқу жағдайларын жақсартуға және қаладағы білім беру сапасын арттыруға бағытталатын болады», - деді ол.