Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті анонимді тапсырыс берушінің айтқанын ақша үшін орындағанын мойындады.
«Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар басқа адамдардың және тапсырыс берушінің кім екені, сонымен қатар оның себебін анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Айтуынша, ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
«ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады», - деп атап өтті ол.