Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі уақытта «102» пультіне қоңырау түскен. Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында екі жас жігіт бомбадан тасалайтын орынға кіруге әрекет жасаған. Нысанға жауапты кәсіпорын басшылығы дереу полицияға хабарлаған.
Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, бұл жерге бөгде адамдардың заңсыз кіруге әрекет жасауы бұған дейін де болған. Нысанның ішінде бағалы заттар болмаса да, кей адамдардың назарына ілігетін көрінеді.
- Бұл жолы екі жігіттің құлыпты бұзуға әрекеттенгені және өздерімен бірге тиісті құралдар алып жүргені анықтады. Екеуі де Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Жастар өз әрекетін қызығушылықпен түсіндіріп, бұл орын туралы біреуден естігендерін айтқан. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын және нысанға кіруге әрекет жасаудың нақты себептерін анықтап жатыр, - деп хабарлады департаменттен.
Тәртіп сақшылары еске салды: жабық нысан – сынақ жасап, тәуекелге баратын орын емес.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облыстық ТЖД қаладағы бір бомбапананың жұмысы мен қызметін баяндайтын бейнеролик дайындады.