Алматыда ботаникалық бақтың жұмыс кестесі өзгерді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Бас ботаникалық бағы қысқы жұмыс кестесіне ауысты.

Фото: Kazinform/ИИ

Қала тұрғындарының сүйікті бақтарының бірі енді келушілерді 18:00–ге дейін қабылдайды.

— Күндізгі жарық уақытының қысқаруына байланысты ботаникалық бақ қысқы жұмыс кестесіне көшеді .15 қазаннан бастап ботаникалық бақ сағат 09:00–ден 18:00–ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00–15:30. Әр айдың бірінші дүйсенбісі санитарлық күн екенін еске саламыз, — деп хабарлады ботаникалық бақ баспасөз қызметі.

Биыл 1 сәуірден бастап Алматының ботаникалық бағы жазғы жұмыс кестесіне көшкен болатын. Ол бойынша мекеме қала тұрғындары мен қонақтарын таңғы сағат 9:00–ден 20:00–ге дейін қабылдады.

Еске салайық, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ботаникалық бақтың кіру билеттерінің бағасы өсті.

Сондай-ақ бұған дейін Алматы ботаникалық бағында 72 жыл бойы өсіп тұрған ағаш неліктен кесілгенін жазғанбыз.