Алматыда 64 жастағы адам көміртегі тотығынан уланып қайтыс болды

Фото: Фото: ТЖМ

АЛМАТЫ.  KAZINFORM – Алматыда егде жастағы адам көміртегі тотығынан уланып көз жұмды.

«Алдын ала ақпарат бойынша көміртегі тотығымен улану салдарынан адам қайтыс болды Сағат 19.50-де. Медеу ауданында ш/а. Көктөбе 2, Монтажник к-сі, 25, бұрын қатты отынмен жұмыс істейтін пештің ақаулығына байланысты көміртегі тотығымен уланып, 1960 ж.т.иесі қайтыс болды», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына жеке құрамның 2 қызметкері және 1 бірлік техника шықты.