Эпидемилог ЖРВИ жұқтырғандардың 60,6 пайызы балалар екенін атап өтті.
«Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның 45-ші аптасында А/H3N2 типті тұмаудың 2 расталған жағдайы тіркелді, барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, жағдайы қанағаттанарлық. Өткен жылғы эпидемиологиялық маусымның 40-шы аптасынан бастап тұмаудың В типі және А типі /H3N2 айналымда болған, барлығы 96 жағдай тіркелген, оның ішінде В типі - 95, А/H3N2-1 жағдай.Сонымен қатар, жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқа вирустары: риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирустар айналымда жүр»,- деді ол.
Айтуынша, тұмаудың алдын алу мақсатында қалада 25 қыркүйектен бастап «тәуекел тобындағы» адамдардың (медицина қызметкерлерін, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, жүрек-қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар, және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылар, жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместрінде жүкті әйелдер) тұмауға қарсы вакцинация басталды.
Жеке меншіктегі медициналық орталықтарда өз есебінен егілгісі келген басқа тұрғындарға және әртүрлі салаларда еңбек ететіндерге жұмыс берушілер есебінен тұмауға қарсы екпе жүргізілуде.
«Осы жылдың 10 қарашасындағы жағдай бойынша тұмауға қарсы 243701 адам, оның ішінде 237356 «тәуекел тобындағы» адам (94,9%) егілді, жеке медициналық орталықтарда жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 5284 адам және 1061 адам - өз қаражатына егілді. Тұмауға қарсы вакцинация ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін жүргізіледі»,- деді Әсел Қалықова.
Айта кету керек, вакцинация халықты тұмау вирусын жұқтырудан қорғап қана қоймайды, сонымен қатар асқынулар мен өлім-жітімді айтарлықтай азайтуға көмектеседі.