Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адамды тіркеген тұрғын сотталды

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды заңсыз тіркеудің жолын кесті.

Фото: Kazinform

Қала прокуратурасы көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша Наурызбай ауданында тұратын пәтер иесінің сыйақыға 990 адамды олардың нақты сол жерде тұруынсыз, бірбөлмелі пәтерге тіркеу арқылы ұйымдастырған заңсыз көші-қон фактісі анықталды.

— Наурызбай ауданының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 394-бабымен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) тіркеген қылмыстық іс бойынша сот «Резеңке пәтердің» иесіне қатысты айыптау үкімін шығарып, 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады, — делінген хабарламада.

Қала прокуратурасы қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты болдырмау мақсатында көші-қон заңнамасын сақтау қажеттігі туралы ескертеді. 

Бұдан бұрын Ақтөбеде заңсыз пәтер таратқан шенеунік 6 жылға сотталғанын жазғанбыз.