Алматыда бір қабатты ғимарат өртеніп, оқиға орнында жедел штаб құрылды
АСТАНА. KAZINFORM — Алматыда М.Мақатаев көшесіндегі бір қабатты ғимарат өртеніп жатыр, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының Алмалы ауданында, М.Мақатаев көшесінде орналасқан бір қабатты ғимараттан шыққан өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары оқиға орнына шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жетіп, өртті сөндіруге кірісті.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, ғимараттың шатыры мен айналасы бойымен төрт жауынгерлік учаске ұйымдастырылған. Шұғыл әрекет ету қызметтері де тартылды.
— Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт оқшауланды, — делінген хабарламада.
ТЖМ өкілдерінің айтуынша, жағдай бақылауға алынған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Бұдан бұрын Алатау полигонындағы өрттен кейін қалада жаңа нормалар бекітілетіні айтылды.