Алматыда бір қабатты үйдің шатыры жанып кетті
07:31, 24 Наурыз 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Өрттің аумағы 180 шаршы метрді құрады.
«23 наурыз Алматы қаласының Алатау ауданында бір қабатты тұрғын үйдің шатыры өртке оранды. Жалын 180 шаршы метр алаңды қамтыды. Үйдің жалпы ауданы — 450 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», — делінген ТЖМ мәліметінде.
Өрт толығымен жойылды.
Өрт орнында ТЖД шамамен жеке құрамнан 55 адам және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды.